Оқиға Нұрсұлтан Әбішұлының шынайы өмір жолын баяндайтын шығармалар желісі негізінде түсірілген. Елбасымыздың кең тарапты өмір атты жолындағы алғашқы жеңістері мен көңілі қалған сәттерін, жүректегі үміт оты мен арманға толы жан-дүниесін әсерлі бейнелей отырып, Елбасының тұлға ретінде қалыптасуын баяндайтын көркем фильм өзінің әсемділігімен көз тартады. Бала кезінен Сұлтан деген есімге ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы ұшқыш болуды армандаған екен. Мектепті бітірген шағында Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түсуге мүмкіндік алады. Алайда, тағдыр оны мүлдем басқа арнаға бұрады...
Категория: Телевидение