Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

Карлаг саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі

kazinformlive 31 Мая, 2019 23:39 10275
Поделиться в соц. сетях:

Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырымдай жердегі Долинка кентінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі орналасқан. Совет өкіметі тұсында бұл жерлерді қаһарлы жылдардың ең азапты лагерлерінің бірі – Карлаг алып жатты. Сонау 1929 жылы Қазақстанда «Гигант» Бірлескен мемлекеттік саяси басқармасы құрылды. Сол жылдың аяғына қарай кеңшардың орнында Қарағанды еңбекпен түзеу лагерін құру туралы шешім қабылданды. Лагерь жергілікті халықтың басына қара бұлт үйірген зұлматты да ала келді, онымен тұспа-тұс ұжымдастыру саясаты басталып, артынша жаппай ашаршылық белең алды. Партияның бұйрығын орындаған жергілікті жандайшаптар халықты ақ нан мен қара суға зар илетіп, түгін қалдырмай тартып алды. Карлаг - Орталық Қазақстанда «тақыр жерде құрылған» деген түсінік қате. Лагерьге берілген жердің барлығында қазақ, орыс, неміс, украин ауылдары болды. Карлагты құру үшін НКВД жендеттері Долинка аумағынан жергілікті халықты қуып шықты. Бүкіл аумақ тікенек сыммен қоршалып, тек арнайы рұқсат қағазымен ғана кіруге рұқсат етілді. Лагерьдің өзі шетінде күзет мұнаралары бар екі аймаққа бөлінді. Осылайша, Қазақстанның қақ ортасында ГУЛАГ жүйесі орнады. Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің ғимараты ғасырлар бойы сақталатындай салынды. Олардың кейбірі қазір де сол қалпында. Сол ғимаратқа қараған адамның көз алдына тозақ азабын тартқан қаншама адамның қуғын-сүргіні келеді. Карлаг - сол азапты сәттердің айнасы әрі куәсі болды. Долинкаға қуғын-сүргінге ұшырағандар бала-шағасымен мың-мыңдап жөнелтілді. Олардың көпшілігі адам төзгісіз азаптан қырылып кетті. Долинкаға жақын жерде «Мамочкино моласы» жатыр. Өткен ғасырдың 30-40 жылдарында Карлагта қайтыс болған тұтқын әйелдер балаларымен бірге сонда жерленді. Бейіттер бұрынғы Карлаг басқармасының ғимаратынан бірнеше шақырым жерде орналасқан. «Мамочкино моласы» естелік кешенінің аумағында Карлаг лагерьлерінде қаза тапқандарға арналған ескерткіш тұр. Қазақстан тәуелсіздік алған соң Карлаг бас басқармасының ғимараты қалпына келтіріліп, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейіне айналдылды. Биыл Долинка кентінің құрылғанына 110 жыл толады.

Категория: Разное
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх