Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

Almaty tv Браконьерлердің бассыздығы (26.11.17)

Almaty tv 19 Февраля, 2018 16:53 902
Поделиться в соц. сетях:

Браконьерлер бұйрыққа бағынбай тұр. Иен далада, алыс аумақта қолға түскен заңсыз аңшылардың көбі құрыққа түспей, жазадан құтылып кетеді. 2 Ұстала қалғандардан көлігінің құжаты тұрмақ, қара басының кім екенін анықтайтын құжат табылмайды. Алматы облысында аң аулап, ау салғандарға қарсы соңғы он бір айда екі мыңға жуық рейд жүргізіліп, табиғатқа залал тигізген 752 заң бұзушылық тіркелген. Бірақ бұл жұмыс жақсы дегенді білдірмейді. Ұсталғаннның өзінде оларды орталыққа, учаскелік полицияға жеткізу жолы қиын болғандықтан амалсыз жібере салатын жайттарда жиі кездеседі. Заңсыз аң аулаушылар ұсталды дегенді естиміз де, сотталды деген ақпар аз айтылады. 1 Сонда шынымен де ұсталғандарды қаруы мен құралы тәркіленеді де аңшысымақтар қайта кетеді. Ал, аң аулауға көбінесе бай-бағландардың шығатын ескерсек, оларға бірнеше теңгенің құралы қалтаға салмақта салмас бәлкім. Ал, қайықтан бастап қаруға дейін тәркіленетін болса, оларды инспекторлар қайда өткізіп жатыр. Қап-қабымен ұстаған балық қайда? Атылған аң қайда? Бұл да бір сұрақ. 3 Аңшылық маусым ашылғалы браконьерлерді әуеден бақылау жұмысы басталды.

PDF

Категория: Лучший тележурналист года
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх