Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

Үздік Адал ұрпақ клубы анықталды

anticorr03akmol 13 Октября, 2017 15:31 910
Поделиться в соц. сетях:

Байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан келген 110 оқушы 13 топқа бөлініп, 3 кезең бойынша бақ сынасты. Театрландырылған көрініспен өздерін таныстырып, өткен оқу жылында клубтың атқарған қызметі бойынша презентация көрсетті. Үшінші кезеңде оқушылар клуб жұмысының бір күндігі жайлы бейнеролик дайындап әкелген. Мұндай байқаулар өскелең ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жемқорлықтың не екенін ұғындырып, одан бойын алшақ ұстауға тәрбиелейді. Алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасын таппақ. Байқау қорытындысы бойынша «Адал ұрпақ 2017» облыстық байқауының кубогын Көкшетаудағы М.Ғабдуллин атындағы көптілде оқытатын №3 кәсіби мектеп-гимназиясының оқушылары жеңіп алды. Ал екінші және үшінші жүлделі орындар Жақсы мен Сандықтау аудандарынан келген командаларға бұйырды. Айгүл Мырзағалиқызы

Категория: Телевидение
comments powered by HyperComments
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх