Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа өзгерістер мен толықтырулар жасалып, ағымдағы жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енгені белгілі. Жаңа заңнамаларға енгізілген түбігейлі жаңа нормалардың негізінде бірнеше баптардың мазмұны мен төркіні қатаңдатып отыр. Кодекс тұжырымдарына сәйкес, қоғамға зиян келтіру қатерін туғызатын іс-әрекет, қылмыс саналатын – экстремизм мен терроризм әрекеттері үшін де жауапкершілік күшейтілді. Жаңадан қабылданған заңнама бойынша Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау 273-бап болып өзгертіліп, шара ретінде алты жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады деп көрсетілген. Яғни, күшін жойған Кодекстегі «екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге әкеп соғады» деген бөлімдер алынып тасталғанын байқауға болады.
Категория: Новости и политика