«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы
Бағдарлама төлқұжаты
Әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа маусымын бастады. Үш сағат бойы тікелей эфирде сан алуан тақырыпты қамтып, ұланғайыр қазақ даласының түкпір-түкпіріне ән мен жырдан шашу шашады.
Әсерлі әңгіме, әуезді ән, қызықты дерек, танымдық сюжет, әлемдік ақпарат, жағымды жаңалық – мұның бәрі «Таңшолпанда».
Редакциясы: Таңғы бағдарламалар шығармашылық бірлестігі
Жетекшісі: Гүлмира Дайрабаева
Продюсері: Ғалия Шаудырбаева
Қоюшы режиссері: Айдана Қаптағаева
Жүргізушілері: Берік Көшербекұлы, Ирина Тен, Жансерік Берікқазыұлы, Назерке Нұртас